Самауырын - ішінде көмір салынатын оттығы бар, суды қайнатуға арналған металл тұрмыстық құрал. Корпусы «банка» пішіндес, жоғарғы бөлігінде сатылы белдеуі бар. Тұғыры төртбұрышты, ауа үрлегіші өрнекті ойықтармен жасалған. Ағаш ұстатқыштары бар тұтқалары ілмектерге ілініп, салбырап тұрады. Кранының ұшында ирек өрнек , түбі тегіс, пішінді розеткасы бар.
Самауыр ХІХ ғасырдың соңында Момақан Ғабдулжаббарұлының ата-анасы сатып алған, осы әулетке тиесілі болған. Осы самауырдан имам Момақанның бәйбішесі, қонақжай Асем Қаппасқызы күйеуінің көп қонақтарына шай құйып берген.
Мерзімі: ХІХ ғ. соңы.
Материал: жез, ағаш.
Техника: зауыттық өндіріс.
Өлшемі: биіктігі - 55 см, қақпағының диаметр - 50 см.