Тұмар. 2019 жылы Ортағасырлық Сығанақ қалашығындағы Батыс кесенеге жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. ХІҮ-ХҮ ғғ. мерзімделеді. Тұмар ханшайым мәйітінің бас жағынан табылған, яғни алтын бұйымның бас киімге бекітілгені айдан анық. Формасы цилиндр тәріздес келген. Негізгі болып саналатын үлкен көздің айналасында 6 үлкенді-кішілі көздер орны бар. Ойықтарға бекітілген көздер түсіп қалған. Бір ғажабы, бойтұмар сол қалпында таза сақталып, осы күнге дейін жеткен. Тұмар 2019 жылы Орталық Азия халықаралық зерттеулер институты мен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің археология ғылыми-зерттеу орталығының мамандарымен бірлесе отырып, ортағасырлық Сығанақ қалашығына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылды.