Домбыра 1939 жылы халық ақыны Жамбыл Жабаев тарапынан домбыраның жақтауына «Бекежанов» деген жазу жазылып, белгілі жыршы Нартай Бекежановқа сыйға тартылған. Бұл жазу домбыраның жақтауында темірмен бедерленіп түсірілген.
Домбыра қызыл ағаштан жасалып, берік әрі сапалы өңделуімен ерекшеленеді. Аспап қазақтың дәстүрлі музыкалық мәдениетінің көрнекті өкілдері арасындағы рухани сабақтастықты айғақтайтын құнды жәдігер болып табылады.
1974 жылы бұл домбыра Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылының тұрғыны Ембергенов Әләйдардан сатып алынып, музей қорына қабылданған.
Өлшемдері: ұзындығы - 93 см, шанағының ұзындығы - 90 см.
Аталған домбыра Жамбыл Жабаев пен Нартай Бекежановтың шығармашылық байланысын, сондай-ақ қазақтың дәстүрлі музыкалық аспап жасау өнерін зерттеуде ерекше маңызға ие.