Қоржын
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Батыс Қазақстан. Мерзімі: 1960 ж. Кілем тоқу тәсілімен жүн жіптен тоқылған түкті қоржын. Түсі - қоңыр, екі қалталы, сары, қызыл, қоңыр және қара түстерден бетіне зооморфты өрнек салынып тоқылған. Жиегіне аламоншақ өрнегі екі қатар жүргізіліп, арасына құмсағат өрнегі айналдырыла салынған. Арқалығына көп түсті таңдай өрнегі түкті етіп тоқылып, ілмелеп байлауға арналған қоңыр түсті иірілген түйе жүнінен жұмыр өрім бау тағылған. Астары қызғылт жіптен түксіз тығыз тоқылған.
Материал:
Жіп, Жүн
Техника:
Өрмек тоқу, Тігу
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдар жоқ