Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Алтын бұйым бөліктері

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Алтыннан жасалған сәндік жапсырмалар фрагменттері.Ерте темір дәуіріне жатады. Бұйымдар жалпақ, тіктөртбұрышты және ирек пішінді. Әрқайсысы өте нәзік өңделген, беттерінде зооморфтық және геометриялық өрнектер бейнеленген. Кейбір фрагменттерде жануарлардың стилизацияланған мүсіндері мен композициялық элементтері анық байқалады.
Жапсырмалар киімге немесе ат әбзелдеріне сәндік элемент ретінде тігілген болуы мүмкін. Артқы бетінде қара дақтар сақталған, бұл олардың жер астында ұзақ уақыт жатқанын және тотығу нәтижесінде өзгеріске ұшырағанын көрсетеді.
Табылған жері: Жетісу облысы Қаратал ауданы, Көкдала ауылы, Дауылбай обалы қорымы. 2023 ж.

Санат: Бағалы металл (алтын)
Материал: Алтын
Тақырып: Зергерлік бұйымдар

Сақталу жағдайы

Бұйымдар жартылай сақталған күйде. Көпшілігі фрагменттерге бөлінген, кей бөліктері айтарлықтай деформацияланған және коррозия іздері байқалады.

Scroll to Top