Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Адалбақан

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Адалбақан - киім-кешекті, бас киімдерді, ат әбзелдерін және басқа да тұрмыстық заттарды іліп қоюға арналған дәстүрлі қазақ бұйымы.
Бұйым темірден соғылып жасалған тік тіреуіштен және әр деңгейде орналасқан бірнеше иілген ілгектерден тұрады. Ілгектер әртүрлі бағытта орналасып, киім мен тұрмыстық заттарды ілуге арналған. Адалбақанның бойында ою-өрнектер және көркемдік сипат беретін иіліп, өрнектелген соғу элементтері бар. Жоғарғы бөлігі айыр ілмек тәрізді элементпен аяқталады,Төменгі бөлігінде бұйымның орнықтылығын қамтамасыз ететін тірек құрылымы орналасқан.
Жекелеген бөлшектері темір жолақтар мен өзектерді иіп, соғу арқылы жасалған. Адалбақан әйгілі әнші-композиторы, ақын Ақан Сері Қорамсаұлына тиесілі болған, Темірбай есімді ұста Ақан Серенің тапсырысы бойынша жасаған.

Мерзімделу кезеңі: XIX
Материал: Металл
Техника: Қырнау, түртпе, Соғу
Өлшемі: 5 м
Санат: Этнография
Scroll to Top