Ожау
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ожау. Шұңғыл бөліктен және қолға ұстауға ыңғайлы саптан тұратын ұзынша қымыз, айран, сүт құюға арналған ыдыс. Ожаудың шұңғыл бөлігінің үстіңгі жағы құсмұрын тәрізді ойылып жасалған. Басының бір шетінде жарық пайда болған - ол жалпақ қаңылтырменбекітіліп, қайтадан пайдалануға жарамды күйге келтірілген. Сабының екі шеті мен ұстауға арналған орта тұсы арнайы металлмен (қаңылтырмен) әшекейленген.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғасыр
Материал:
Ағаш, Металл
Техника:
Ою
Өлшемі:
84х13х 3см
Санат:
Этнография