Сандық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сандық. Ашпалы қақпағы бар, киім-кешек салуға арналған үй жиһазы. Ағаштан жасалып, сырты жылтыр қаңылтырмен қапталған.Сандықтың беткі жағы декоративті шегелермен, жасанды моншақтармен өрнектелген. Алдыңғы тұсында құлып ілгегі бар.Жиегі күміс түсті металлмен қапталған, бұл шетінен қажалуын болдырмайды әрі көркемдік мақсатта жасалған. Сандық Ерейментау ауданы Өлеңті ауылындағы Тоқтаубай Түркістанұлының үйінде сақталған. 2017 жылы музейге тапсырды.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғасыр.
Материал:
Ағаш
Техника:
Соғу, Соғу, Сүргілеу
Өлшемі:
60х 36х17см.
Санат:
Тұрмыстық бұйымдар, Этнография