Шайсандық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шайсандық - шай ыдыстарын салып қою үшін жасалған сандық. Сандық қалыңдығы 2 см ағаш тақтайлардан жасалып, шегелермен біріктірілген. Қақпағы 24 ілмек арқылы бекітілген. Алдыңғы беті «қошқар мүйіз», «мүйіз», «тұмарша» және толқын тәрізді геометриялық өрнектермен безендірілген. Өрнектер қызыл, қара, қоңыр және күміс түстермен боялған. Сандықтың негізгі бөлігі көк түске боялған. Екі бүйірінде қосарланған сымнан жасалған тұтқалары орналасқан.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ ғ.
Материал:
Ағаш
Техника:
Бедерлеу, Жону, Кесу, Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі:
57см. х 42см. х 24см.