Ою-өрнекті сүйекпен безендірілген сандық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жылыой ауданының тұрғыны Бисенғалиева Бәті Бүркітқызы тапсырған көне сандық. Бұйым ұсақ заттарды сақтауға арналған, топсалы қақпағы және құлыптау тетігі бар. Корпусының алдыңғы жағы, қақпағы мен жиектері ою-өрнекті сүйек тақташалармен толық инкрустацияланған, бұрыштары жез қаптамалармен бекітілген. Қақпағында әртүрлі өрнектік композициялар орналасып, ұсақ шегелермен бекітілген. Ішкі бөлігі қызыл барқыт матамен қапталған және заттарды орналастыруға арналған бірнеше бөлімнен тұрады. Экспонат XIX ғасырдағы қазақтың дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнері мен сандық жасау шеберлігінің үлгісі болып табылады.
Мерзімі: XIX ғасыр
Материалы: Ағаш, сүйек, жез, мата (барқыт)
Техникасы: Қол жұмысы, сүйек ою, инкрустация, қаптау, бедерлеу
Өлшемі: 46 × 34,5 см