Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Ши

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қазақ халқының дәстүрлі тұрмысында кеңінен қолданылған киіз үй жабдықтарының бірі. Шиден тоқылған бұл бұйым киіз үйдің керегесінің сыртына тұтылып, үй ішін желден, шаңнан және күн сәулесінен қорғауға пайдаланылған. Сонымен қатар, үй ішін бөліп тұратын қалқа, төсеніш және әртүрлі шаруашылық мақсаттағы бұйым ретінде де қолданылған. Шидің беті түрлі-түсті жіптермен оралып, ұлттық ою-өрнек элементтерімен безендірілген.

Мерзімделу кезеңі: XIX в.
Материал: Жіп
Техника: Тоқу
Өлшемі: 135 х 379 см.
Санат: Тұрмыстық бұйымдар
Scroll to Top