Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шам

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Керосин жағу арқылы жарық беретін тұрмыстық жарықтандыру құралы. Жәдігер дөңгелек пішінді ауыр тұғырдан, шар тәрізді керосин резервуарынан және металл білте салғыштан тұрады. Білте салғыштың жоғарғы бөлігінде шам шынысын бекітуге арналған тісті жиек, ал бүйірінде білтені көтеріп-түсіруге арналған реттегіш орналасқан. Шамның шынысы мен білтесі сақталмаған. Металл беті күміс түстес, кей бөліктерінде тозу, таттану және пайдаланылу іздері бар.

Мерзімделу кезеңі: XIX - XX ғғ.
Материал: Жез, Металл, Темір
Техника: Зауыттық өнім
Өлшемі: 11х5х13 см.
Санат: Этнография
Scroll to Top