Төсбелгі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Композитор Еркеғали Рахмадиевке тиесілі «қонақ» белгісі (бейдж) - 1984 жылғы мамырда Мәскеуде КСРО Композиторлар одағының қолдауымен өткен II Халықаралық музыка фестиваліне қатысу үшін берілген. Бұл фестивальге әлемнің 50-ден астам елінен жүздеген композиторлар мен орындаушылар жиналды. Мұндай белгілер ресми қонақтар мен қатысушыларға беріліп, іс-шара алаңдарына кіруге мүмкіндік берген. Белгіде фестивальдің ресми эмблемасы - раушан гүлге ұласқан скрипка кілті бейнеленген. Экспонат тарихи-мәдени және мемориалдық құндылыққа ие
Мерзімделу кезеңі:
1984 год
Материал:
Металл
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
45х45 мм.
Санат:
Марапат