Балбал тас
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Балбал тас - ежелгі түркілердің жерлеу және мемориалдық мәдениетінің маңызды нысаны. Мүсін табиғи тасты қашап өңдеу әдісімен жасалған. Жоғарғы бөлігінде бет әлпеті (екі көзі, мұрны мен аузының нобайы) көмескі түрде бедерленіп қашалған. Ортаңғы бөлігінде, кеуде тұсында оң қолымен ұстап тұрған тостаған тәрізді түбі дөңгелек ыдыс бейнесі көрінеді. Мүсіннің төменгі жағында рулық таңбаға немесе ежелгі орхон-енисей (көктүркі) жазуының таңбаларына ұқсас ойылған сызықтар сақталған. Бұл экспонат - ІХ-ХІ ғасырларда қаза болған түркі қолбасшысының, батырдың немесе ақсүйек тұлғаның басына қойылған мемориалдық құлпытас. Ол көшпелі түркі тайпаларының дүниетанымын, мүсіндеу өнерін, жерлеу ғұрыптарын және жазу/таңба мәдениетін зерттеудегі өте бағалы тарихи жәдігер болып табылады.