Радиоқабылдағыш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ақын Тұрсынзада Есімжанов пайдаланған «FM/AM/SW1-2 4 BAND DSP RADIO» (моделі: M-U40) маркалы тасымалы радиоқабылдағыш.
Радиоқабылдағыш тікбұрышты пішінді, корпусы қызыл және қара түсті пластмассадан (пластиктен) жасалған. Алдыңғы панелінің сол жағында торлы динамикасы, ал ортасында сағат тілдері бар дөңгелек «QUARTZ» кварц сағаты кіріктірілген. Сағаттың оң жағында радиожиіліктердің шкаласы орныққан. Төменгі оң жақ бұрышында модельдің аты мен жиілік диапазондары («FM/AM/SW1-2 4 BAND DSP RADIO M-U40») жазылған.
Құрылғының жоғарғы панелінде баптау түймелері, аудиофайлдарды ойнату (Media Player) пернелері орналасқан. Құрылғы әрі электр желісінен (арнайы қуат сымы/шнуры арқылы), әрі автономды батареялардан (батарейкалардан) қуат алып жұмыс істейді. Жәдігер толық сақталған, ақынның тұрмыстық тұтыну заттарының бірі болып табылады.