Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«ТЯХ-Б» қабырғалық телефон аппараты, қоңырау шақыру приставкасымен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Экспонат - қабырғаға орнатылатын «ТЯХ-Б» телефон аппараты және оған қосылған қоңырау шақыру приставкасынан тұратын стационарлық байланыс құрылғысы. Негізгі корпусы мен сыртқы қоңырау блогы күңгірт түсті берік пластиктен жасалған. Алдыңғы панельде 0-9 цифрлары орналасқан дөңгелек дискілі нөмір тергіш, сол жақ бөлігінде телефон тұтқасы орналасқан. Қосымша блокта қоңырау туралы дыбыстық белгі беретін металл қоңырау бар. Аппараттың артқы бөлігінде қабырғаға бекітуге арналған металл бөлшектер қарастырылған. Экспонат 1970-жылдардағы кеңестік телефон байланысы техникасының үлгісі ретінде тарихи-тұрмыстық маңызға ие. Аудан тұрғыны Достанбаев Құралбайдың музейге сыйға тартқан заты.
Мерзімі: 1972 жыл
Материалы: Соққыға төзімді пластик, металл, резеңке
Техникасы: Зауыттық өндіріс, «Пермь» зауыты
Өлшемі: Телефон - 20,5 × 19 × 12 см; қоңырау шақыру приставкасы - 17,5 × 10,5 × 9 см

Мерзімделу кезеңі: 1972
Материал: Металл
Техника: Зауыттық өнім
Өлшемі: 17,5 × 10,5 × 9 см
Санат: Техника және аспаптар
Scroll to Top