Төсбелгі куәлігімен
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жазушы Шәкен Күмісбаевқа берілген «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағының төсбелгісі мен ресми куәлігінен тұратын марапаттау кешені. Атақ Ақсу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 наурыздағы №3-21 шешімімен берілген.
Куәлік ақ түсті тығыз қағазға басылған, жиегі көгілдір ұлттық өрнекті жақтаумен әдіптелген. Сол жақ жоғарғы бөлігінде Ш. Күмісбаевтың түрлі-түсті фотосуреті, ортасында Ақсу ауданының елтаңбасы (эмблемасы) және «Куәлік» деген сөз орналасқан. Мәтін астында Аудан әкімі Ә. Дүйсембаев пен Аудандық мәслихат хатшысы С. Серпербаевтың қолдары қойылып, көк түсті ресми мөрлермен куәландырылған.
Марапаттың төсбелгісі металдан жасалған, дөңгелек пішінді алқа (медальон) түрінде орындалған. Ортасында Ақсу ауданының гербі бейнеленген. Алқа жоғарғы жағындағы ұлттық өрнегі бар көк түсті таспамен қапталған тікбұрышты тағанға (колодкаға) шығыршық арқылы бекітілген.