Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Әскери малақай

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Бұл жәдігер - Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» А. Жұмаділовке тиесілі, әскери қызметшілердің қысқы киім үлгісіне арналған баскиім (ушанка). Баскиім қою көк түсті, суықтан корғайтын қалың әрі жылы түкті материалдан дөңгелек пішінде тігілген. Алдыңғы бөлігінің ортасында әскери қызметті айшықтайтын алтын түстес металл кокарда бекітілген. Кокарданың ортасындағы көк түсті дөңгелек аяда бесбұрышты жұлдыз бейнеленген. Баскиімнің жоғарғы жағында оны бекітіп байлауға арналған қара бауы бар.
Астарлы ішкі жағында «Алматинская область МЕДИАТЕКС-Н Email: www.mediatex-n.kz. 2018 г» деген өндіруші белгісі жазылған.

Мерзімделу кезеңі: 2018 ж.
Материал: Мата, Мех
Техника: Тігу
Өлшемі: 54 р.
Санат: Киім және кесте
Scroll to Top