Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Медаль және куәлік

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

«Халық қаһарманы» Азамат Жұмаділовке 55078 әскери бөлімінің 75 жылдығына орай тапсырылған мерейтойлық медаль мен оның куәлігі.Экспонат екі негізгі бөліктен тұрады: мерейтойлық куәлік және металл медаль. Куәліктің жоғарғы жағында «55078 әскери бөлігіне 75 жыл» деген қара түсті жазу орналасқан. Оның астында мерейтойлық медальдың ресми графикалық суреті бейнеленген. Оң жақ бетінде: Марапатталушының аты-жөні («Жұмаділов Азамат Амангелдіұлы»), лауазымы/атағы («Халық қаһарманы») қолмен жазылған. Төменде марапаттау туралы бұйрық мәтіні, әскери бөлімнің ресми көк мөрі және бөлім командирінің қолы қойылған. Медаль аспалы элементі бар дөңгелек пішінді, алтын түсті металдан жасалған.Жиектері сегіз қырлы жұлдыз элементтерімен әрленген. Ортасында мерейтойлық белгілер мен лавр жапырақтарынан өрілген өрнек орналасқан.

Мерзімделу кезеңі: 2016
Материал: Қағаз, Металл
Техника: Гравюра, Қырнау, түртпе
Өлшемі: Куәлік - 6,5х9,5см, медаль ұзындығы -9 см, дм-3,5см
Санат: Марапат
Scroll to Top