Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құмыра

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Құмыра алмұрт тәрізді пішінді. Ернеуінің кесіндісі тегістелген. Мойны биік, жоғарғы жағына қарай сәл тарылған, көлденең сызықтармен безендірілген. Корпусы жоғарғы бөлігінде кеңейіп, түбіне қарай біртіндеп тарылған. Мойнының төменгі бөлігінде ілмекті тұтқа орналасқан. Болжам бойынша, ыдыстың екі тұтқасы болған, екінші тұтқаның бекітілген орнынан із сақталған. Ыдыстың беткі қабатының түсі біркелкі емес.

Мерзімделу кезеңі: X-XII ғғ.
Материал: Керамика
Техника: Керамика техникасы, Станок техникасы
Өлшемі: Биіктігі - 9,3 см, ернеуінің диаметрі - 10,9 см, мойнының диаметрі - 9,5 см, бүйір бөлігінің диаметрі - 11 см, түбінің диаметрі - 6,9 см.
Санат: Археология
Scroll to Top