Ыдыс
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Текше пішінді, биік, сәл дөңестеу бүйірі ернеуіне қарай тарылған. Ернеудің тұтқаға қарсы жақ тұсы шүмек-су ағар түрінде. Ілмек тұтқа ыдыс бүйірінің ортасынан жоғарылау орналасқан. Ыдыстың ішкі және сыртқы жағы сұр, қызыл түсті лаймен тегістелген. Ысталған. Қызылауыз 2 қорымы, оба 10, Іле өзенінің алабы, Алматы облысы.
Мерзімделу кезеңі:
Б.з.д. I ғ. - б.з. I ғ.
Техника:
Күйдіру, Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі:
биіктігі - 17,5 см, түбінің диаметрі - 10 см, бүйірі - 13,8 см, ернеуі - 11,5 см.
Санат:
Артефактілер, Археология, Ыдыс-аяқ