Биік таулы мұз айдынында
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Кастеев Абылхан. 1904-1973
Пейзаждың алдыңғы планында - лық толған көрермені мен жиегінде желбіреген тулары көрінетін Медеу биік таулы мұз айдыны. Алаңды қоңырқай шыршалар өскен қарлы беткейлер қоршап тұр. Ал түпкірінде, ашық көгілдір аспан астында аппақ тау жоталары мен айбынды шыңдар асқақтайды. Композиция алдыңғы пландағы қозғалысқа толы мұз айдыны мен монументалды тау пейзажын шендестіруге құрылған. Реалистік стильде орындалған туындының ашық, қысқы колориті қар мен таудың салқын ақ-көгілдір реңктерінің байлығына негізделіп, шыршалар мен көрермендер бейнесіндегі қою түсті екпіндермен, сондай-ақ тулардың жарқын дақтарымен байытылған. Оң жақ төменде - қолы мен жылы.
Мерзімделу кезеңі:
1955 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
100×150 см
Санат:
Бейнелеу өнері