Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Пиондар. Натюрморт

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Авторы: Исмаилова Гульфайрус Мансуровна. 1929-2013
Натюрморттың ортасында, күңгірт көк-жасыл дастарқан үстіндегі дөңгелек керамикалық құмырада жайқалған пион гүл шоғы тұр. Оның жанында - қозы мүсіншесі, ал түпкірдегі бозғылт-көк аяда ақ жақтаудағы туынды бейнеленген. Алдыңғы планның осылайша шектелуі композицияны көрерменге барынша жақындатып, туынды кеңістігіне тікелей қатыстылық сезімін оятады. Колориті - үйлесімді де салқын, ол көк-көгілдір, қанық қызғылт, ақ және күлгін реңктердің мол байлығынан өрілген. Пішіннің жеңіл шарттылығы мен алуан түрлі кескіндемелік фактура бейнеге эмоционалды мәнерлілік, ал бұйымдарға заттық болмысты сезіну салмағын дарытады. Туынды табиғи пішіндердің сұлулығын аша отырып, қылқалам иесінің жоғары шеберлігін танытады.

Мерзімделу кезеңі: 1963 г.
Материал: Кенеп
Техника: Майлы бояу
Өлшемі: 90х70 см
Санат: Бейнелеу өнері
Scroll to Top