Рамазан Баповтың портреті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Исмаилова Гульфайрус Мансуровна. 1929-2013
Қызыл жарқылдары бар күңгірт фонында сахналық киімдегі ер адамның қырынан бейнеленген кеуделік портреті орын алған. Кейіпкердің басы көрерменге бұрылып, жанары қиғаш бағытталған, ал қолы иығына тиіп тұр. Суық жарық түскен қырықты, жіңішке бет-әлпеті, өзіне тән қол қозғалысы мен тік сымбаты тек сыртқы ұқсастықты ғана емес, сонымен бірге модельдің дара тұлғалық сипатын да айшықтайды. Колориттік шешім ұстамды тоналды гаммада тоғысқан оқшау түстік дақтардың үйлесімді қатынасына құрылған. Ал еркін жағыс мәнері графикалық суреттің дәлдігін түстік массаның сәндік тұтастығымен шебер ұштастырады.
Мерзімделу кезеңі:
1983 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
100х50 см
Санат:
Бейнелеу өнері