Түс киіз
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Түскиіз қызыл түсті матадан тігіліп, беті түрлі-түсті жіптермен кестеленген. Орталық бөлігі мен жиектері симметриялы орналасқан дөңгелек медальондар және қазақтың дәстүрлі өсімдік тектес «қошқармүйіз», ирек, гүл тәрізді ою-өрнектерімен безендірілген. Кестеде қызыл, қара, ақ, көк, жасыл және сары түсті жіптер үйлесімді пайдаланылған.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ
Материал:
Мақта мата
Техника:
Кестелеу
Өлшемі:
2 м 30 см х 1 м 24 см.
Санат:
Сәндік-қолданбалы өнер