Бітпес
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бітпес үздіксіз жалғаса беретін ою-өрнектер салынған немесе кестеленген тұскиіз түрі. Бітпестің қызыл түсті мақпал матадан салынған табағының жиегіне П-әріпі тәрізді ақшыл және сары түсті жіптен екі қатар ирексу жүргізіліп, ішіне қызыл, сары, жасыл, алқызыл түсті жіптерден тұлға мүйіз, тұмарша, көгеріс өрнектері бізкестелеу тәсілімен салынған. Жоғарғы қызыл түсті жиегіне әсемдік үшін жылтыр дөнгелек жапсырмалары тігілген. Екі шетіне матадан бау тағылған. Етегі көмкерілмей, ашық қалдырылған.
Мерзімделу кезеңі:
XX в.
Материал:
Мата
Техника:
Кестелеу
Өлшемі:
1,95 х 2,13 х 1,15 м.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары