Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

И. Жұбаниязовтың куәлігі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Жұбаниязов Изімбетке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40 жылдығына арналған мерейтойлық медальдың куәлігі. Куәлікке 1985 жылғы 7 мамырда Бейнеу аудандық әскери комиссары, майор Табынаев қол қойып, елтаңбалы мөр басқан. Куәліктің сыртқы бетінде «Союз Советских Социалистических Республик», «Удостоверение к юбилейной медали», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» деген жазулар бар. Ішкі бетінің сол жағында медальдің суреті, оң жағында құжат мәтіні типографиялық әдіспен басылған. Марапатталушының аты-жөні қара сиямен жазылған.

Мерзімделу кезеңі: 1985 г.
Материал: Қағаз
Техника: Басу
Өлшемі: l-11 см. b-8 см.
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top