№103 бұйрықтан үзінді
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - 1945 жылғы 15 тамыздағы Жылыой аудандық халыққа білім беру бөлімінің №103 бұйрығынан үзінді. Құжатқа сәйкес Қарабалин Сүлеймен Қосшағыл кентіндегі М.Ю. Лермонтов атындағы орта мектептің директоры қызметіне тағайындалған. Үзіндіде тағайындау туралы ресми мәтін, аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі К. Тәшеновтің және мектеп инспекторы Н. Бекешевтің қолдары, сондай-ақ мекеменің мөрі сақталған. Экспонат соғыстан кейінгі кезеңдегі білім беру жүйесіндегі кадрлық саясат пен ресми іс жүргізу тәжірибесін айғақтайтын маңызды тарихи құжат болып табылады.
Мерзімі: 15.08.1945 ж.
Материалы: қағаз
Техникасы: машинкамен басылған мәтін (машинопись), қолмен жазу, мөр басу
Өлшемі: 9,3 × 21,2 см
Мерзімделу кезеңі:
1945
Материал:
Қағаз
Техника:
Машинкамен жазу
Өлшемі:
9,3 × 21,2 см
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)