Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Медаль дөңгелек пішінді, жезден жасалған. Беткі жағында Кеңес Одағының Маршалы әскери киіміндегі И. В. Сталиннің солға қаратылған профильді кеуделік бейнесі орналасқан. Шеңбер бойымен бедерлі жазулар берілген: жоғарғы бөлігінде -«НАШЕ ДЕЛО ПРАВОЕ», төменгі бөлігінде -«МЫ ПОБЕДИЛИ».
Медальдің сыртқы жағында шеңбер бойымен «ЗА ПОБЕДУ НАД ГЕРМАНИЕЙ» деген жазу, ортасында -«В ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЕ 1941-1945 ГГ.» деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Барлық бейнелер мен жазулар бедерлі.
Медаль құлақша мен сақина арқылы ені 24 мм жібек муар лентамен қапталған бесбұрышты тағанға жалғанған. Лента кезектесіп орналасқан бес бойлық жолақтан - үш қара және екі қызғылт сары жолақтан тұрады. Лентаның жиектері жіңішке қызғылт сары жолақтармен көмкерілген.

Мерзімделу кезеңі: 1945 г.
Материал: Жез
Техника: Қалыптау
Өлшемі: D -3,2 см
Санат: Фалеристика
Scroll to Top