Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«КСРО Қарулы Күштеріне 40 жыл» медалі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Медаль дөңгелек пішінді, жезден жасалған. Беткі жағының ортасында солға қаратылған В. И. Лениннің профильді барельефтік бейнесі орналасқан. Төменгі бөлігінде айқастырылған лавр және емен бұтақтарының аясында бедерлі «40» саны бейнеленген.
Медальдің сыртқы жағында шеңбер бойымен «В ОЗНАМЕНОВАНИЕ СОРОКОВОЙ ГОДОВЩИНЫ» деген бедерлі жазу орналасқан. Ортасында «ВООРУЖЕННЫХ СИЛ СССР» деген жазу және «1918-1958» жылдары көрсетілген. Төменгі бөлігінде кішкентай бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Медальдің жиегі ернеумен көмкерілген. Барлық бейнелер мен жазулар бедерлі.
Медаль құлақша мен сақина арқылы ені 24 мм сұр түсті жібек муар лентамен қапталған бесбұрышты тағанға жалғанған. Лентаның ортасында екі жіңішке қызыл бойлық жолақ, ал екі жиегінде бір-бірден қызыл жолақ орналасқан.

Мерзімделу кезеңі: 1958 ж.
Материал: Жез
Техника: Қалыптау
Өлшемі: D -3,2 см
Санат: Фалеристика
Scroll to Top