Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«Құрмет белгісі» ордені

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

А.Т. Попрастың №258472 «Құрмет белгісі» ордені. Орден сопақша пішінді. Оның жоғарғы бөлігіндегі ілгек арқылы бесбұрышты металдан жасалған тағанға сақина арқылы жалғанған. Таған таспамен қапталған. Орденнің алдыңғы бетінің орталық бөлігінде қызыл тулар көтерген ер адам мен әйелдің бейнесі орналасқан. Тулар симметриялы түрде берілген, қызыл эмальмен қапталған, олардың үстінде: «Пролетарии всех стран, соединяйтесь!» деген жазу бар. Тулардың сабының ұштары түйіскен тұста қызыл эмальмен қапталған бесжұлдыз орналасқан. Оның төменгі жағында «СССР» әріптері бейнеленген. Белгінің екі жақтауында емен жапырақтарынан жасалған шоқтар бейнеленген. Алдыңғы беттің төменгі жағында «ЗНАК ПОЧЕТА» деген жазу бар. Орденнің артқы бетінде «Монетный двор» деген жазу және № 211935 номері көрсетілген. Тағанның артқы жағында түйреуіш тәрізді бекіткіш орнатылған.

Мерзімделу кезеңі: 1943-1944 гг.
Материал: Жібек муар лентасы, Металл
Техника: Қалыптау
Өлшемі: D - 3,2 см
Санат: Нумизматика
Scroll to Top