«Севастопольді азат ету - 40» төсбелгісі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - Қыраубаев К.-ға тиесілі «Севастопольді азат ету - 40» мерейтойлық төсбелгісі. Белгі екі бөліктен тұрады және сақина арқылы өзара жалғанған. Жоғарғы бөлігі тікбұрышты қалыпта орындалып, онда «1944-1984» деген жазу орналасқан. Негізгі бөлігі дөңес шеңбер түрінде жасалған. Орталық бөлігінде Севастополь қаласының сәулеттік көріністері, салют және сәулелер бейнеленген. Шеңбер жиегінде «ОСВОБОЖДЕНИЕ СЕВАСТОПОЛЯ» деген бедерлі жазу, жоғарғы бөлігінде «40» саны орналасқан. Төсбелгі Кеңес дәуіріндегі Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс пен азаттықтың мерейтойлық даталарын еске алуға арналған фалеристикалық бұйымдардың үлгісі болып табылады.
Мерзімі: 1985 ж.
Материалы: алюминий
Техникасы: зауыттық өндіріс, штамптау, анодтау
Өлшемі: диаметрі - 2,5 см