«Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - Қыраубаева К.-ға тиесілі «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі. Награда 1938 жылы бекітілген КСРО-ның мемлекеттік әскери марапаттарының бірі болып табылады. Медальдың алдыңғы бетінде «СССР» және «За боевые заслуги» жазулары, айқастырылған винтовка мен қылыш бейнеленген, ал сыртқы бетінде №1714870 жеке сериялық нөмірі қашалған. Медаль сұр түсті муар лентасы бар бесбұрышты колодкаға бекітілген. Экспонат кеңестік наградалар жүйесін, әскери ерлікті дәріптеу дәстүрін және Ұлы Отан соғысы кезеңінің тарихи мұрасын айқындайтын құнды жәдігер болып табылады.
Мерзімделу кезеңі:
1938
Материал:
Металл
Техника:
Зауыттық өнім, Қалыптау, Соғу
Өлшемі:
диаметр 4 см
Санат:
Нумизматика