Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияға жеңіске жеткені үшін» медалі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

М. С. Матросовтың «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі. Медаль - дөңгелек пішінді. Алдыңғы бетінде - КСРО маршалының әскери киіміндегі И. В. Сталиннің қырынан салынған бюст бейнесі. Медаль жиегінің жоғарғы бөлігінде: «Наше дело правое», төменгі бөлігінде: «Мы победили» деген жазулар бар. Медальдің артқы бетінде жиегі бойынша «За Победу над Германией», ортасында «В Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» деген жазу орналасқан, төменгі жағында - бес жұлдыз. Барлық бейнелер мен жазулар бедерлі. Медаль ілгек пен шығыршық арқылы бесбұрышты тағанға бекітіледі. Таған жібек муар таспамен қапталған. Таспа бойында ені бірдей бес бойлық жолақ орналасқан - үшеуі қара, екеуі қызғылт сары түсті. Таспаның шеттері жіңішке қызғылт сары сызықтармен жиектелген. Тағанның артқы жағында түйреуіш тәрізді ілгек бекіткіші бар.

Мерзімделу кезеңі: 1945 г.
Материал: Жібек муар лентасы, Металл
Техника: Қалыптау
Өлшемі: d - 3,2 см
Санат: Нумизматика
Scroll to Top