2 тиындық банкнот
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының алғашқы шығарылымына жататын 2 тиындық банкнот. Банкнота 1993 жылы тәуелсіз Қазақстанның ақша реформасы барысында айналымға енгізілді. Беткі жағында орталықта сәндік розетка аясындағы «2» саны, сол жағында «ЕКІ ТИЫН» деген жазу, шығарылған жылы - «1993», жоғарғы бөлігінде «Қазақстан Ұлттық Банкі» атауы орналасқан. Төменгі бөлігінде сериясы, ал сол жақ шетінде тік орналасқан реттік нөмірі көрсетілген (№4865220, №9064764). Артқы бетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленіп, номинал қазақ тілінде берілген. Экспонат тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ұлттық ақша белгілерінің бірі ретінде елдің қаржы жүйесінің қалыптасу тарихын бейнелейтін құнды нумизматикалық жәдігер.
Мерзімделуі: 1993 ж.
Материалы: қағаз.
Техникасы: типограф. баспа.
Өлшемі: 100 х 6,5 мм.