«1941-1945 жж. ҰОС Жеңіске 65 жыл» медалі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Медаль дөңгелек пішінді, жоғарғы бөлігінде құлақшасы және бесбұрышты қалыппен жалғастыратын сақинасы бар. Қалып қызыл түсті муарлы таспамен қапталған, оның ортасынан қара және қызғылт сары жолақтардан тұратын Георгий таспасына тән өрнек өтеді. Медальдің алдыңғы бетінде бедерлі бесбұрышты жұлдыз бейнеленген. Жұлдыздың ортасындағы дөңгелек медальонда сәулет құрылысы және «СЛАВА» деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде «1945-2010» мерейтойлық жылдары көрсетілген. Экспонат Қыраубаев Қ. коллекциясына жатады.
Мерзімделу кезеңі:
2010
Материал:
Металл
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
Диаметр - 4 см
Санат:
Нумизматика