Тиын (Түргеш қағанаты)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Түргеш қағанатының тиыны. Сақталу жағдайы нашар. Алдыңғы бетінде (аверсінде) жазу өшкен, оқылмайды. Артқы бетінде (реверсінде) түргештердің таңбасының қалдықтары байқалады, алайда ол нашар сақталған. Тиынның беткі қабаты патинамен жабылған. Шеттері тегіс емес, тозу және механикалық зақымдану іздері бар.
Мерзімделу кезеңі:
VIII ғ.
Материал:
Мыс
Техника:
Құю
Өлшемі:
Диаметрі - 27 мм, тесігінің диаметрі - 6 мм.
Санат:
Нумизматика