Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қаршыға тұлыбы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қаршығаның тұлыбы - жыртқыш құстың сыртқы морфологиялық белгілерін табиғи қалпында сақтап, көрнекілік мақсатында дайындалған таксидермиялық бұйым. Экспонат құстың дене бітімін толық қамтиды. Тұлып ағаш бұтағына қонған табиғи қалыпта бейнеленген. Дене тұрқы ірі, қанаттары денесіне жинақы орналасқан, құйрық қауырсындары төмен қарай бағытталған. Басы тік көтерілген, тұмсығы алға бағытталған және ұшы имек, жыртқыш құстарға тән өткір пішінде жасалған. Көзі қара, айналасы мен тұмсық түбінде сарғыш түсті бөліктер байқалады. Қауырсын жамылғысының түсі негізінен қоңыр, қара-қоңыр және сарғыш реңктерден тұрады. Кеуде және қанат бөліктерінде ашық түсті қауырсындар аралас орналасқан. Аяқтары бұтақты қапсыра орналасып, тырнақтары иілген, өткір пішінді. Тұлып табиғи ландшафт көрінісі бейнеленген фондық композицияға орналастырылып, құстың табиғи мекен ету ортасын көрсетуге бағытталған.

Мерзімделу кезеңі: 2011 ж
Материал: Қауырсындар
Техника: Таксиме
Өлшемі: 50 см
Scroll to Top