Сауытбұзар жебе ұшы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жауынгерлік жебелердің ішіндегі ең өткір әрі қуатты түріне жататын сауытбұзар жебе ұшы. Мұндай жебелер темір сауыттарды, қалың қалқандарды және қатты киімдерді тесіп өтетіндей ерекше берік әрі үшкір етіп жасалған.
Жебе ұшы сүйір пішінді, қырлы болып келеді. Қатты темірден құйылып және соғылып жасалған бұл жебенің қырлары соққының екпінін арттырып, нысанаға дәл тиюіне мүмкіндік берген.
Мерзімделу кезеңі:
VII-VIII в.
Материал:
Металл
Техника:
Соғу
Өлшемі:
3,6 см.
Санат:
Металл