Жебе ұшы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жебе ұшы - соғыс кезінде қолданылған жебе түрлерінің бірі. Жебенің ұшы ұзынша, үшкір, қырлы болып жасалған. Қалыңдығы мен салмағы ауыр болғандықтан, мұндай жебелер атты әскер шайқастарында, қамал қоршауларында және сауыт киген жауды жоюда тиімді саналған. Ауыр жебе негізінен шайқаста қарсылас әскерге қатты соққы беру, сауыт бұзу, жақыннан атылғанда көбірек зақым келтіру мақсатында пайдаланылған. Табылған жері Қапал ауылы, Мұзбұлақ жайлауы.
Мерзімделу кезеңі:
XIII-XIV в.
Материал:
Металл
Техника:
Соғу
Өлшемі:
11,5 см.
Санат:
Металл