Ер
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Дәстүрлі қазақ ер-тұрманының негізі болып табылатын ағаш ер. Ол қатты ағаштан ойылып жасалып, атқа мінуге арналған жабдықтың ең маңызды бөлігі саналады. Ердің алдыңғы (қас) және артқы бөлігі (артқы қас) биік етіп жасалған, бұл шабандоздың міну кезінде орнықты отыруына мүмкіндік береді. Ердің екі жағында үзеңгі тағуға арналған металл бекіткіштері бар. Ер қайың ағашынан жасалған. Сырты қоңыр түсті былғарымен қапталып, майда шегелермен және металл пластиналармен көмкерілген. Ерді Т. Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылының тұрғыны Игенбек Құрбанов музей қорына өткізген. Ер - көшпелі қазақ халқының салт-дәстүрі мен қолөнер мәдениетін айқындайтын, тарихи әрі функционалдық маңызы зор этнографиялық жәдігер.
Мерзімделу кезеңі:
1920ж
Материал:
Ағаш, Былғары
Техника:
Тесу, оймалау
Өлшемі:
41 см.-31 см.-31 см.
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар