Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кілем

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Түкті кілем. Көліне екі қатар етіп сегіз бұрышты табақ өрнегі терілген, екі суы, жіңішке үш қорғаны бар қызыл кілем. Табақ өрнегінің ішіне төртбұрыш және ақ, қызыл түсті тауықнұсқа өрнегі салынған. Табақтардың аралықтарына тісті шаршы өрнегі тоқылған. Кілемнің жиегіне көк, қызыл түсті алақұрт өрнегінен екі қатар су жүргізіліп, арасындағы жіңішке үш қатар қорғанына қосмүйіз, өрмекші өрнектері айнала тізбектелген. Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) облысы.

Мерзімделу кезеңі: ХХ ғ. 1-жартысы.
Материал: Жүн
Техника: Өрмек тоқу
Өлшемі: 147х270 см.
Санат: Кілем-киіз бұйымдары
Scroll to Top