Өтініш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Талдықорған ауданы, Сталин атындағы колхоз төрағасы Н. Алдабергеновтің Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Д. Қонаевқа жолдаған өтініш хаты.
Машинкамен басылған, 2 беттен тұратын құжат. Мәтініне сиямен қолжазба түзетулер енгізіліп, Н. Алдабергеновтің түпнұсқа қолы қойылған.
Хатта колхоздағы әлеуметтік нысандардың құрылысы, соның ішінде 100 мың сомға салынған бастауыш мектеп пен 1,5 млн сомға салынып жатқан екі қабатты мектеп туралы баяндалады. Колхоз орталығын дамыту мақсатында мемлекеттік бюджет есебінен 70 орындық интернат пен мұғалімдерге арналған 10 екіпәтерлі үй, ал колхоз қаражаты есебінен 500 орындық Мәдениет үйі, 200 орындық балабақша және стадион салу мен жабдықтауға қолдау сұралған.
Мерзімделу кезеңі:
26.11.1957 ж.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу, Қолжазба
Өлшемі:
29,5 х 20 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)