Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Партиялық билет № 02617736

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Экспонат - Гурьев облысы Ембі аудандық Қазақстан Коммунистік партиясы комитеті берген №02617736 партиялық билет. Құжат Тасмұханов Бағыттың атына рәсімделген. Билетте иесінің тегі, аты, туған жылы (1936), партия қатарына қабылданған уақыты (1963 жылдың ақпаны), билет берген партия органының атауы, берілген күні, фотосуреті, мөрі мен жауапты тұлғалардың қолдары көрсетілген. Құжат орыс және қазақ тілдерінде басылып, қызыл түсті қатты мұқабамен безендірілген. Партиялық билет Кеңес Одағы кезеңіндегі азаматтың қоғамдық-саяси мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылады және сол дәуірдің партиялық жүйесі мен әкімшілік құрылымын сипаттайтын тарихи дерек көзі ретінде музейлік құндылыққа ие.

Мерзімделу кезеңі: 1973
Материал: Қағаз
Техника: Басу
Өлшемі: 9 × 12 см
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top