Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Мандат

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Мандат №869.
Қазақстан Коммунистік партиясының VIII съезі делегатының № 869 мандаты.
Иесі: Жолдас Н. Алдабергенов.
Тіктөртбұрышты пішінді, бұрыштары жұмырланған, тығыз қызыл түсті картоннан жасалған бланк. Фон ортасында ірі қоңыр-қызыл түсті рим цифрымен «VIII» деген белгі басылған. Сол жақ жоғарғы бұрышында В. И. Ленин мен И. В. Сталиннің оңға қарап тұрған барельефтік профильді бейнесі. Жоғарғы ортада ұран сөз: «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!»
Жолдас Н.Алдабергенов Қазақстанның Коммунистік партиясының VІІІ-ші съезіне Талдықорған партия ұйымынан шешуші дауыс правосымен делегат болып сайланды.
Мөр белгісі: Сол жақ төменгі бөлігінде Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің дөңгелек күлгін сиялы мөрі (ЦК КП Казахстана) басылған.
Музейлік тіркеу белгісі: Оң жақ төменгі бұрышында қара/күлгін сиямен «МКДКП 1007» есептік шифры қойылған.

Мерзімделу кезеңі: 1956 ж.
Материал: Картон қағаз
Техника: Басу, Қолжазба
Өлшемі: 7 х 10 см.
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top