Өмірбаян
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат Қабдешев Құралдың өмірі мен еңбек жолына арналған естелік адресат болып табылады. Көгілдір түсті безендірілген бұл бұйым екі бөліктен тұрады. Алдыңғы бетінде тұлғаның түрлі-түсті фотосуреті, аты-жөні және өмір сүрген жылдары (01.01.1928 - 21.07.1984) ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген сәндік жиек ішінде берілген. Екінші бетінде Қабдешев Қ.-ның өмір жолы, еңбек қызметі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтері туралы өмірбаяндық мәліметтер қамтылған. Адресат типографиялық әдіспен дайындалып, аудандық музейге сыйға тартылып, экспозицияда ақпараттық-танымдық материал ретінде қойылған. Экспонат өңір тарихын зерттеуде маңызды тарихи-құжаттық дерек болып табылады және Жылыой ауданының көрнекті тұлғаларының есімін ұлықтауға қызмет етеді.