Аудандық партия мектебінің 6 айлық жұмысы туралы есеп
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - 1944-1945 оқу жылындағы аудандық партия мектебінің алты айлық қызметінің қорытындылары және 1945-1946 оқу жылына арналған оқу жұмысын ұйымдастыру туралы есеп. Құжатта партия және кеңес кадрларын даярлау нәтижелері, оқу процесіндегі жетістіктер мен кемшіліктер, жаңа оқу жылына арналған міндеттер, сондай-ақ Қосшағыл мен Құлсарыдағы партия мектебінің басшылық және оқытушылық құрамын бекіту жөніндегі шешімдер қамтылған. Құжат жауапты тұлғалардың қолдарымен және мекеменің ресми мөрімен куәландырылған. Экспонат соғыстан кейінгі кезеңдегі партиялық білім беру жүйесі мен кадр даярлау саясатын сипаттайтын маңызды тарихи дерек көзі болып табылады.
Мерзімі: 01.10.1945 ж.
Материалы: қағаз
Техникасы: машинкамен басылған мәтін (машинопись), типографиялық баспа, қолмен қойылған қолтаңбалар мен белгілер
Өлшемі: 29 × 20,9 см