Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

№151 бұйрықтан үзінді

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Экспонат - Жылыой аудандық халық ағарту бөлімінің №151 бұйрығынан жасалған қолжазба көшірме. Құжатта Сүлеймен Қарабалиннің 1942 жылғы 24 шілдеден бастап Лермонтов атындағы Қосшағыл орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі (завуч) қызметіне тағайындалғаны көрсетілген. Құжатта аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі Изтурғановтың аты, мектеп инспекторы Н. Бекешевтің көшірмені растаған қолы және ресми мөрдің бедері сақталған. Құжаттың сыртқы ерекшелігі - оның 1942 жылы Алматыда жарық көрген саяси-ағарту мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне арналған жинақтың сыртқы бетіне жазылуы. Экспонат соғыс жылдарындағы білім беру жүйесінің қызметін сипаттайтын құнды мұрағаттық дерек болып табылады.
Мерзімі: 25.08.1942 ж.
Материалы: қағаз
Техникасы: қолжазба, мөр басу
Өлшемі: 12,9 × 14,2 см

Мерзімделу кезеңі: 1942
Материал: Қағаз
Техника: Қолжазба
Өлшемі: 12,9 × 14,2 см
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top