Төсбелгі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл төсбелгі Қаныша Раисоваға «Алматы облысы құрметті азаматы» атағы берілген кезде табысталған. Белгінің алдыңғы бетінде шеңбер ішінде барыстың бейнесі бедерленген. Шеңбер бойымен домалата «Алматы облысы» деген жазу орналастырылған. Кеудеге тағылатын бөлігінде көк түсті лента бекітіліп, оның үстіне «Құрметті азаматы» деген жазу жазылған. Бұйым облыстың жоғары марапаттарының бірі ретінде құрмет пен ерекше еңбекті танытады.
Мерзімделу кезеңі:
2016 г.
Материал:
Металл
Өлшемі:
D - 24 мм.
Санат:
Фалеристика