Жұмыртас
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сфероконусының бүйір және төменгі бөліктерінде шеңбер бойымен орналасқан дөңгелек сызықтар бар. Төменгі бөлігі сүйірленіп келген. Сфероконус бетінде соққы, сызат және кедір-бұдыр іздері байқалады. Бүйір жақтарының бірі қайта қалпына келтірілген. Бұл артефакт 2011 жылғы сәуір айында археолог, «Археологиялық сараптама» ұйымының директоры Д. А. Воякиннің жетекшілігімен жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында Тараз қаласының орталық базары аумағынан табылған. Сфероконус көне дәуірде дәрі-дәрмектерді, сынапты, хош иісті заттар мен әтірлерді сақтау және тасымалдау үшін кеңінен пайдаланылған.
Материал:
Глина
Техника:
Күйдіру, Пішіндеу
Өлшемі:
9 х 7 см
Санат:
Археология